home
home home

Аудан әкімі әлем чемпионын қабылдады

Аудан әкімі әлем чемпионын қабылдады

Бүгін аудан әкімі Болатбек Байтөле жуырда ғана Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстан Әлем чемпионатында 55 келі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атанған Қордай ауданының тумасы Сағын Қазбекті арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады.

 

Кездесу барысында аудан басшысы туған жерінің ғана емес, бүкіл қазақ елінің намысын қорғап, Көк байрағымызды желбіреткен жеңімпаз жерлесімізге алғысын айтып, сәттілік тіледі. Айта кетейік, бұл жеңіс Қазбектің спорттық мансабындағы алғашқы жеңісі емес. Ол 2014 жылы Түркияда өткен панкратионнан Әлем чемпионы, 2015 және 2017 жылдары Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстың жеңімпазы, 2018 жылы панкратионнан Президент кубогының иегері, Қазақстанның панкратионнан бес дүркін чемпионы, самбо жекпе-жек күресінен спорт шебері.

Өз кезегінде қордайлық спортшы Санкт-Петербург қаласында өткен әлем чемпионаты жайлы кеңінен баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Қордай ауданын әлемдік деңгейде танытып жүрген спортшы аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.