home
home home

Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің Ережесіне өзгерістерді енгізу туралы хабарлама

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінінің Ережесіне өзгерістерді енгізу туралы хабарлама

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және «Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы» 2011 жылғы 30 қыркүйектегі  № 1125 және «Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 25 желтоқсандағы  № 1672 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру еңгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 93 қаулысына және 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Су кодексінің 37-1 бабына және Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 13 маусымдағы №66 хаттамалық тапсырмасының 9) тармақшасына сәйкес, «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі елді мекендерді шаруашылық – ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру – барлау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;

Елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, оның ішінде: құрылыс, жобалау құжаттарын әзірлеу және ауыз суға қатысты  басқа да мәселелер бойынша) жұмыс жүргізеді.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстар бойынша және қосымша толығырақ ақпарат алу үшін  Қордай ауылы, Жібек Жолы көшесі, №242 ғимаратына жолығуларыңызға болады. Байланыс телефондары: 8(72636) 2-10-52, 2-14-48, 2-11-19. немесе электрондық мекен-жайы kordai_jkx@mail.ru

 

Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта