home
home home

Атқарылған іс ауқымды

Бүгін ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес аудан әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесулері басталды. Аудан әкімі Б.Байтөле алғашқы есепті кездесуін шалғайда орналасқан Қарасай ауылынан бастады. Есепті жиынға Қарасай және Еңбек ауылының тұрғындары, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысы Р.Нұрсипатов та халық алдында атқарылған жұмыстары турасында есебін берді.
Алдымен өткен жылда атқарылған жұмыстар турасында округ әкімі К.Елемесова баяндама жасап, жасалған жұмыстар мен алға қойған жоспарлар турасында сөз етті. Ауыл әкімі Қарасай батыр ауылындағы ауыз су жайының біртіндеп шешімін тапқанын, оның ішінде Қырғау және Байтасова көшелерінің тұрғындары бүгінгі таңда сапалы ауызсуға жеткенін ерекше атап өтті. Сонымен бірге, былтырғы жылы атаулы әлеуметтік көмек алғандар жайында баян етіп, одан бөлек тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларына жасалған үлкен көлемдегі қайырымдылық көмек жайын да айтып өтті.
Осыдан кейін баяндамаға шыққан аудан әкімі Б.Байтөленің бір жылда атқарылған жұмыстары турасында көлемді есебін тыңдаған ауыл жұртшылығы дәстүрлі сұрақ-жауапты бастамас бұрын аудан басшысы Қарасай ауылына қатысты жағымды жаңалықтарымен бөлісті. Тек қана ауыл экономикасына ғана емес ауданның дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан «Азия сад» ЖШС өткен жылы 56 гектарға заманауи алма бақ өндірісін қолға алса, ​ ағымдағы жылы көлемін ұлғайтып, қосымша қаржы құюды жоспарлап отырғаны да жақсы жаңалыққа баланды.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.