home
home home

Атаулы әлеуметтік көмек

Атаулы әлеуметтік көмек

Үстіміздегі жылдың 24 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Сапарбаевтың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылдың 30 шілдесінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында бекітілген нормативтік рәсімдерді қатаң сақтауды, алушылардың табысын жасыру, формальды жұмыстан шығу, жалған неке бұзу фактілерін анықтау бойынша мониторинг жүргізуге арналған жұмысшы тобы құрылып, бір отырыс өткізілді.

Нақтырақ айтсақ, Қордай ауданы бойынша жыл басынан тағайындалған 2756 отбасының 1968-іне қайта зерделеу жұмыстары жүргізілді. Отбасылық тұрмыс жағдайын қайта зерделеу жұмыстарының нәтижесінде аудан бойынша 82 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылды, яғни 52 млн. 638,2 мың теңге үнемделді (оның ішінде 50 отбасы актімен тоқтатылса, 32 отбасы әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдерін есепке алынған жағдайда тоқтатылды). Мысалы, Қордай ауданының тұрғыны Б.С. жодасының атына тіркелген малдарын жасырып, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке аз қамтылған отбасы ретінде қайырылған, ал қайта зерделеу барысында оның малдары анықталып, жәрдемақысы тоқтатылды. Сонымен қатар, Қарасай ауылының тұрғыны К.М. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке қайырылған жағдайда тек өз отбасын көрсеткен, ал қайта зерделеу барысында зейнеткер ата-анасымен тұратындығы анықталды. Аталған отбасыға да жәрдемақы беру тоқтатылды.

2019 жылдың 26 тамызында «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №459 бұйрығына сәйкес, 1-2 тоқсандағы отбасының жиынтық табысында айырмашылығы бар ауданның 559 отбасына тиісті жұмыстар жүргізілуде, атап айтқанда:

  • 1 тоқсанда табысын жасырған 8 отбасыға қайта есептеу жүргізіп, жәрдемақы тоқтатылды және жалпы сомасы 2707,5 мың теңге бюджетке кері қайтарылуы тиіс. Бүгінгі күнге аталған отбасыларға 2019 жылдың                         5 қыркүйегімен қаражат қайтару бойынша хабарламалар таратылған.
  • 2 тоқсанда табысы ұлғайған 39 отбасы бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қайта есептеудің нәтижесінде барлығына да АӘК тоқтатылды, олар жалпы сомасы 3659,1 мың теңге бюджетке қайтару керек. Бүгінгі таңға 39 отбасының ішіндегі 3 отбасы бюджетке 241,7 мың теңге қайтарды.
  • Ал қалған  512 отбасы бойынша қайта есептеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 7 отбасыға тұрмыстық жағдайын қайта тексеру барысында тоқтатылды, 431 отбасыға қайта есептеу жүргізілді (оның ішінде 36 отбасына жәрдемақы тоқтатылды, ал қалған 395 отбасыға 25-26 қыркүйек аралығында төлемдері аударылады) және 74 отбасыға табыстарын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

А.Заурбаева,

жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.