Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Еңбек» шекара бөлімінің әскери қызметкерлері Еңбек ауылындағы үш отбасына азық-түлік себетін жеткізіп, қайырымдылық жасады. Әрдайым осындай ізгі істерге атсалысып жүретін Отан қорғаушылары бұл жолы да дәстүрден жаңылмай, тұрғындардың үйлеріне барып, мерекемен құттықтап, сыйлықтарын табыс етіп, ақ баталарын алып қайтты. Шекара күзетінде тұрған азаматтар бұл игілікті істерін алда да жалғастыратындарына сенімді.