home
home home

«Арыс, біз біргеміз!»

 

Арыстағы ағайынның жағдайына алаңдаған отандастарымыз қолдан келер көмегін бір сәт аяп қалған жоқ. Мемлекеттік мекемелер мен шағын және орта кәсіпорындардың өкілдері, жеке кәсіпкерлер мен қараша халық бір атаның баласындай игі іске білек сыбана атсалысып, белсенділік танытуда. Осы ретте барша қазақстандықтардың қабырғасын қайыстырып, қиын жағдайға душар еткен Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға, ондағы халықтың қалыпты өмірге оралуына Қордай ауданының жұртшылығы да барын салып, өз үлесін қосуда.

Газетіміздің алдыңғы сандарында жазғанымыздай, бүгінгі күнге республика көлемінде қолға алынған «Арыс, біз біргеміз!» акциясы аясында қордайлық кәсіпкерлер жарылыс салдарынан жапа шеккен отандастарымызға қомақты материалдық көмек пен азық-түлік жөнелтсе, тұрғындар мен мекеме қызметкерлері арнайы шотқа бас-аяғы алты миллион теңгеден астам қаражат жинаған. Бұл қатарда аудан әкімдігінің бөлімдері, аудандық мекемелер мен ұйымдар, ауылдық округ әкімдіктері бар. Мәселен, арыстықтарға көмек ретінде аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұжымы – 124 000 теңге, «Қордай су» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – 141 760 теңге, Отар ауылындағы «Ақбота» балабақшасы – 345 703 теңге, аудандық қазынашылық басқармасы – 50 000 теңге, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 43 500 теңге, аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі – 41 445 теңге, жастар ресурстық орталығы – 47 000 теңге аударыпты. Бұл жұмыстар алдағы уақытта әлі де жалғасын таппақ. Осыған орай аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерді игі іске атсалысып, отандастарымызға көмек қолын созуға шақырамыз.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.