home
home home

Аралдықтардың қуанышы

Аралдықтардың қуанышы

Ауылдық округ әкімдері өзі басқарған елді мекендегі өзекті болып табылатын әр сұрақтан хабардар болуы тиіс. Кез келген жағдайда тұрғындар тарапынан туындаған сауалдың, не болмаса өзге әлеуметтік жағдайдың оңтайлы шешілуіне тікелей араласып, халықтың тұрмыс-жағдайын жақсартуға барынша қолғабыс ету де осы ауыл басшысының міндеті екенін айта кеткен жөн. Әңгімені әрі қарай жалғастырсақ…

Өздеріңіз білетіндей, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында әрбір қазақстандық отбасының жайлы және қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселесіне аса көңіл аудару қажеттігін айтып келген. Мұнымен қатар, елімізде әлеуметтік саланың дамуына, қауіпсіздік пен инфрақұрылым мәселелеріне аса ден қойылған. Осы үрдіс ауданымыздың барлық елді мекендерінде көрініс тауып, орын алған оңды өзгерістерге қалың көпшілік куә болып отыр.

Мәселен, үстіміздегі жылдың қаңтар айында өткен Степное ауылдық округінің әкімі Жүсіпбек Спановтың есепті кездесуінде Арал ауылының тұрғындары Өтеген батыр көшесін жарықтандыру мәселесін көтерген болатын. Жиында ауыл әкімі жергілікті өзін-өзі басқару шотынан қаражат қарастыратынын жеткізіп, аз уақытта айтылған уәде айна-қатесіз орындалды. Нақтырақ айтсақ, қазіргі таңда аталмыш көшеге электр бағаналары орнатылуда. Көшені жарықтандыруда айтарлықтай жұмыс атқарылып, қомақты қаражат бөлінген. Орнатылған шамдардың сапасы жақсы, жауын-шашын мен шыбын-шіркейден қорғалған. Сондай-ақ, заманауи шамдар тұман түскенде де көшеге жарық түсіріп, сапалы сымдар соққан боранға да төзімді-мыс. Оның үстіне, арнайы құрылғы орнатылған шамдар ымырт түскенде қосылып, таң ата автоматты түрде сөнеді екен.

Айта кетсек, Өтеген батыр көшесінде бұған дейін жарық шамдары болмаған. Екінші ауы-сымда оқитын оқушылар қыс мезгілінде мектептен қараңғы көшемен қайтып жүрген көрінеді. Арал ауылында бұл жарық шамдары орнатылған екінші көше. Жаңа қойылған шамдар электр энергиясын үнемдейді екен.

– Көшеміздің түнгі уақытта жарқырап тұруы арман еді, енді сол арман орындалды, – дейді ризашылығын білдірген аралдықтар.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.