home
home home

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылғы 6 наурызда үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсетуге арналған 19 жер учаскесін сату бойынша АУКЦИОН өткізеді. Сауда өткізілетін уақыт: сағат 16:00. Аукцион өткізілетін мекен-жай: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі, 201 – аудандық Мәдениет үйі.

АУКЦИОННЫҢ ӨТКІЗІЛУ ШАРТЫ:

Сауда- саттықтын ағылшындық әдісінде аукционшы нысанның бастапқы және көтерілген бағасын жариялайды. Қатысушылар нөмірді көтеру арқылы бастапқы бағасын жоғарылатады, бірақ, ол жарияланған бағадан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген аукциондық нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды.

ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН САТУ ШАРТЫ: нысанаға байланысты пайдалану, игеру шартын тұжырымдау, объектінің жобасын алу үшін сәулеттік жобалау тапсырмасын алу, сервитутты белгілеу, уақтылы жер салығын төлеу. Саудада анықталған жер учаскесінің құны сауда-саттықтын шартына қол қойылғаннан соң 5 банкі күннен кешікпей 50% көлемінде аванс ретінде төленеді, қалған сомасы 30 күнтізбелік күннен  кешікпей сауда-саттықтың шартына қол қойылған күннен бастап төленуі тиіс. Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасының бес пайызын құрайды, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Бұл ретте, кепілдік жарна сауда-саттық объектілерінің әрқайсысы бойынша бөлек енгізіледі. Осы аукцион бойынша әр бір нысан үшін кепілдік жарна мөлшері – 126 250 (бір жүз жиырма алты мың екі жүз елу) теңге.

Кепілдік жарна «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің төмендегі депозиттік есеп шотына аударылады: БСК-KKMFK2A, БИК KZ 270705034631751006, БСН 060240005305, ТТК 171 Қордай Қазынашылық басқармасы, Қордай ауылы 

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін төмендегідей құжаттар қажет: 1.Сауда-саттыққа қатысу өтініші. 2. Жеке тұлғаны куәландыратын құжат. 3. Сауда-саттыққа қатысушысының кепілдік жарнаны «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты. 4. Өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.  5. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары нотариалдық кеңседе куәландырылған жарғының, заңды тұлғаның тіркелуі жөніндегі куәліктің көшірмесін қосымша тапсырады. 6. Электрондық өтініш берілген жағдайда, төлем құжаты мен өкілдің өкілеттігін растайтын құжаты электрондық көшірмелері нысанында беріледі.

Аукционға қатысушыларды қабылдау және тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Өтеген көшесі, 121 «Б», Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.

         Аукционға қатысушыларды тіркеу 2019 жылдың 6 наурыз аукцион басталуына дейін бір сағат бұрын мына мекен-жайда жүргізіледі: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі,                                 201 – аудандық Мәдениет үйі.

Аукционға қатысу тәртібі бойынша қосымша ақпараттарды 8 (72636)              4-92-79, 4-92-77, телефондары арқылы білуге болады.

 

Аудан бойынша сауда-саттықта  (аукционда) сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің

Т І З Б Е С І

 

 

Жер

учаскелерінің

лоттық  нөмірі

Жер учаскесінің орналасуы Жер учаскесінің нысаналы мақсаты Жер учаскесінің көлемі га / шаршы метр, кадастырлық  (бағалау) құны, жер салығы төлемінің көлемі Пайдалану құқығының түрі
1 2 3 4 5 6
Отар ауылдық округі бойынша
1 1-лот

(қайталап)

Отар ауылы,  Шоссейная көшесінің бойы №16 «А»

(қайталап)

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,12 га/1200 ш.м.

148 512 теңге

салық төлемі

864 теңге

Жеке меншік
2 2-лот

(қайталап)

Отар ауылы,  Д.Қонаев көшесінің бойы №118 «А»

(қайталап)

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,05 га/500 ш.м.

117 500 теңге

салық төлемі

360 теңге

Жеке меншік
3 3-лот

(қайталап)

Отар ауылы,  Шоссейная көшесінің бойы №38 «А»

(қайталап)

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,10 га/1000 ш.м.

235 000 теңге

салық төлемі

720 теңге

Жеке меншік
4 4-лот

(қайталап)

Отар-Гвардейский қалшығы трассасының батыс жақ тұста

(қайталап)

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,30 га/3000 ш.м.

371 280 теңге

салық төлемі

2160 теңге

Жеке меншік
5 5-лот

 

Бел ауылы,

Ақ жол көшесінің бойы

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,20 га/2000 ш.м.

294 000 теңге

салық төлемі

1440 теңге

Жеке меншік
Қарасу ауылдық округі бойынша
6 6 – лот

(қайталап)

Қарасу ауылы, Кемер көшесінің бойы №31 «А» Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,055 га/550 ш.м.

129 250 теңге

салық төлемі              396 теңге

Жеке меншік
7 7 – лот

(қайталап)

Қарасу ауылы,            Кескентас көшесінің бойы, №47 «А» Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,0500 га/ 500 ш.м.

117 500 теңге салық төлемі 240 теңге

Жеке меншік
Қақпатас ауылдық округі бойынша
8 8 – лот

(қайталап)

Қақпатас ауылдық округінің аумағы, Беріктас ауылынан солтүстік-батыс жақ тұста, Қақпатас көшесі, №26 Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,8433 га/8433 ш.м.

887 118 теңге

салық төлемі                  608 теңге

Жеке меншік  
9 9 – лот

(қайталап)

Қақпатас ауылы,

М.Адамбаев  көшесінің бойы,     №12 «Б»

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,0500 га/ 500 ш.м.

103 000 теңге салық төлемі                 240 теңге

Жеке меншік  
Бетқайнар ауылдық округі бойынша
10 10 – лот

(қайталап)

Бетқайнар ауылы,

Тимошенко  көшесінің бойы, №34 «Б»

 

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,0500 га/500 ш.м.

117 500 теңге салық төлемі 240теңге

Жеке меншік
Жамбыл  ауылдық округі бойынша
11 11 – лот

(қайталап)

Жаңатұрмыс ауылы, Абай көшесінің бойы, №40 Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,50 га/ 5000 ш.м.

735 000 теңге салық төлемі 240 теңге

Жеке меншік
Степной  ауылдық округі бойынша
12 12– лот

(қайталап)

Степной ауылы,

Батыс көшесінің бойы,

№1 «Б»

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,0408 га/ 408  ш.м.

95 880 теңге салық төлемі 196 теңге

Жеке меншік
13 13– лот

(қайталап)

Степной ауылдық округінің аумағы, Қалғұты ауылынан солтүстік-шығыс жақ тұста Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 1,5 га/ 15000  ш.м.

1 697 280 теңге салық төлемі 7200 теңге

Жеке меншік
14 14– лот

 

Қалғұты ауылы,

Шу көшесінің бойы, №

 

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,20 га/2000 ш.м.

412 000 теңге

салық төлемі

1440 теңге

Жеке меншік
Ауқатты ауылдық округі бойынша
15 15 – лот Қызылсай ауылы

 

Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,20 га/2000 ш.м.

412 000 теңге салық төлемі

1440 теңге

Жеке меншік
Ноғайбай ауылдық округі бойынша
16 16 – лот Сарыбастау ауылы,            Подгорная көшесінің бойы Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,20 га/ 2000 ш.м.

294 000 теңге

салық төлемі

1440 теңге

 

Жеке меншік
Алға ауылдық округі бойынша
17 17 – лот

 

Мұзбель  ауылы, Ж.Жабаев көшесі, № Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,20 га/2000 ш.м.

294 000 теңге

салық төлемі

1440 теңге

Жеке меншік
Масанчи ауылдық округі бойынша
18 18 – лот

 

Масанчи ауылы, Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,05 га/500 ш.м.

132 500 теңге

салық төлемі

360 теңге

Жеке меншік
Үлкен-Сұлутөр ауылдық округі бойынша
19 19 – лот

(қайталап)

Үлкен-Сұлутөр ауылы,                  Құттықадамбаев көшесінің бойы, №112 Үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін 0,0500 га/ 500  ш.м.

88 000 теңге салық төлемі 240 теңге

Жеке меншік
  Барлығы:

19 лот

19 жер телімі

    4,7591 га

 

6 681 320 теңге

 

 

 

Ескерту: Жер учаскелерінің бастапқы бағасы мен бағалардың өзгерту қадамын аукцион өткізуші белгілейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта