home
home home

АҚХАЛАТТЫЛАР ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ ӨТУІН БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАЙДЫ

АҚХАЛАТТЫЛАР ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНЫҢ ӨТУІН БІРАУЫЗДАН ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін аудандық орталық ауруханың конференц-залында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің елімізде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді қолдау бойынша жиыны өтті. Жиын барысында ақ халаттылар аталмыш саяси науқанның маңыздылығы мен қажеттілігіне тоқталды. Іс-шарада сөз алған аудандық аурухана бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Иван Черных еліміздің осы күнгі жетістіктері Елбасымен тікелей байланысты екендігін айтып, Н.Әбішұлының өз өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыруы туралы шешімінің дұрыс болғандығын жеткізді. «Алдағы сайлаудың да ел ертеңі үшін маңызы зор. Біз, медицина саласының қызметкерлері, осындай тарихи кезеңде президент саясатына қолдау көрсетуге тиіспіз. Сондықтан, 9 маусым күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауына белсене атсалысып, таңдау жасауларыңызды сұраймын». Сондай-ақ, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнәр Сатыбалдина да еліміздегі саяси оқиғаға байланысты, Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегіне байланысты пікір білдіріп, өз қызметтестерін дауыс беруге шақырды.

Бағлан Абдибаева, аудандық орталық аурухана медбикесі:

  • Биылғы Президент сайлауы ерекше болады деп ойлаймын. Өйткені, жаңа кандидаттар сайлауға түседі, дауыс беретін халық саны да көп. Мемлекет басшысының кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімі дұрыс болды. Қазақстанның алға қойған жоспарларын жүзеге асыру үшін айқындық, тұрақтылық қажет. Сондықтан біз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  үстіміздегі жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімін бірауыздан қолдап, өз даусымызды береміз.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.