home
home home

Әлемді кітап арқылы танимын

Жазушымен жїздесу

 

Қордай аудандық орталық кітапханалар жүйесіне қарасты балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әлемді кітап арқылы танимын» атты көркем әдебиет туындыларын ең көп оқитын оқырмандар арасында өтетін Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, Пернебай Дүйсенбиннің өмірі мен шығармашылығына арналған аудандық байқау өтті.

Оған Д.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Г.Инкарбекова, әдіскер Ж.Тәттімбетова, Қордай ауылының №47 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Абдрахимова, Қордай орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры С.Нұрғалиева мен №30 Отар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Айнақұлова қонаққа шақырылды. Байқау қатысушылары 4 тур бойынша өзара бақ сынасты.

Барлық турдан сүрінбей өткен Қайнар ауылдық №32 В.Маяковский атындағы орта мектептің оқушысы Ә.Әлімхан бас жүлде дипломымен марапатталып, облыстық байқауға жолдама алды. І орынды Қордай ауылдық №6 негізгі мектептің оқушысы А.Бижанова І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал, 10-15 жас аралығындағы балалар арасында Бетқайнар ауылдық № 27 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы Т.Ким бас жүлдені иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. І орын дипломын Қайнар ауылдық №32 В.Маяковский атындағы орта мектептің оқушысы М.Әлімхан иеленді. Өзге орындарды иеленген балақайлар дипломмен және бағалы сыйлықтар алса, қалған қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды.

Байқау соңында Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры Г.Қапарқызы барлық қатысушылардың білімі мен өнеріне жоғары баға беріп, байқаудың ұйымдастырушыларына алғысын айтты.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта