home
home home

Акцияға аудан болып жұмылды 

 

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында қайырымдық шараларымен ауданымызда бас-аяғы 2372 бала қамтылды. Оның ішінде 700 балаға 32450 теңгеден жергілікті бюджет есебінен 22 млн. 715 мың теңге бөлінді. Ал, 1672 балаға бюджеттен тыс демеушілер тарапынан 9 млн. 310 мың 590 теңгеге көмек көрсетіліп, мектеп формасы, аяқ-киім, спорттық киім және қажетті оқу құралдары алынды. Акция барысында 21-22 тамыз күні Гвардейский қалашығында, 23 тамыз күні Қордай ауылында аудан әкімдігінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімі және аудандық қоғамдық кеңеспен бірлесе мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда мектеп формасы, оқулықтар, сөмкелер, кеңсе заттары, аяқ-киім, күртешелер төмендетілген бағамен сатылды.

 

Жаңа оқу жылынан бастап «Атамекен» қоғамдық қорының «Мектепке жол» платформасы www.atamekenim.kz порталы жыл бойы жұмыс істейді, яғни көмекке мұқтаж азаматтар аталған платформаға тіркелу, ал демеушілер ақшалай қаражатты онлайн-аудару арқылы көмек көрсете алады.

Биылғы 2019-2020 оқу жылы қарсаңында «Жүректен жүрекке!» ұранымен өткен «Мектепке жол» акциясына белсене араласып, бала бақытын, қуанышын еселей түскен ауданның жеке кәсіпкерлері, шаруа қожалықтары, аудандық маслихат ұжымы, аудандық «Nur Otan» партиясының филиалы, аудан әкімдігінің бөлімдері, білім бөлімінің кәсіподақ ұйымы, білім бөліміне қарасты мекемелер, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық пошта торабы, «Ветеринариялық қызмет» КММ, аудандық «Қордай шамшырағы» газеті, статистика бөлімі, аудандық мұрағат, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар қызметі, «Қордай су» КМК, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорны» ШЖҚ КМ, Жастар ресурстық орталығы, аудандық орталық аурухана, аудандық МСЭҚ,  аудандық полиция бөлімі, «Central Asia Gold Production» ЖШС, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын зерттеу ғылыми-зерттеу институты, 2038 әскери бөлімінің ұжымына және ауданның жомарт өзгеде азаматтарына білім бөлімінің атынан алғысымызды білдіреміз. Жүректеріңізде мейірім оты жалындай берсін, жақсылық пен қайырымдылық әр баланың жүрегіне қуаныш сыйласын. Балалардың алғысы сіздердің отбасыларыңызға ақ нұр болып жаусын!

Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі

 

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта