home
home home

ӘКІМ ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА


Аудан орталығынан шалғай орналасқан Қаркемер ауылдық округіне қарасты Керу ауылының тұрғындары алдында округ әкімі Жұлдызбек Бақаев есеп берді. Бір жылда атқарылған жұмыстар жайын тарқататын жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Алмас Әлімхожаев, аудан әкімдігінің бірқатар бөлімдерінің өкілдері мен учаскелік полиция инспекторлар қатысты.
Ауыл әкімінің бір жылда атқарған жұмысына қанағаттанарлық деген бағасын берген тұрғындар ауылдағы бірқатар көкейтесті мәселелерді көтеріп, сол бойынша сұрақтарын жолдады. Мәселен, Жайдар Сәрсенбай ауылдағы телефон байланысы мен интернет желісі туралы сауалын жолдап, ол сұраққа ауыл әкімі Жұлдызбек Бақаев еліміздегі екі ірі байланыс операторларына хат жолданғанын алға тартып, ол бойынша сұрақ күнделікті бақылауда тұрғанын айтты. Керу ауылының тұрғындары тарапынан шаруа қожалық басшысын қайта сайлау мәселесі мен оның тәртібі және мал жайылымы турасында сұрақ көтеріліп, ол мәселенің заңды жолдары туралы түсініктеме берілді. Сонымен бірге, ауыл тұрғыны Аян Манчаров Қаракемерден Керуге қатынайтын жолдың жайын көтеріп, ол бойынша жауап берген аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дәурен Алтаев жолды жөнге кетіру үшін қаражат қарастырылғанын жеткізіп, көктем айларында жөндеу жұмыстары жүргізілетінін айтты. Тұрғындар тарапынан түскен сұрақтар қатарында облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен іске асып жатқан «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмысын жақсарту» жобасы турасында да сұрақ қойғандар болды. Ол бойынша ауыл әкімі қазіргі таңда облыс бойынша аталмыш жобаға енген Жамбыл ауылдық округінде несиелендіру жұмыстары жүріп жатқанын айтып, жоба турасында толықтай түсініктеме берді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.