home
home home

«Adaldyq alańy – Qordai» үздіктер қатарында

 

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап, жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. 2003 жылғы 1 қарашада Мексиканың Мерида қаласында жоғарғы деңгейде өткен саяси конференцияда БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылдады.

 

Конвенцияның мақсаты – жемқорлықтың алдын алу және жою. Конвенция жемқорлықтың алдын алу шараларын, сондай-ақ онымен күресудегі халықаралық ынтымақтастықтың механизмін қарастырады және соған сәйкес заңнамаларды жетілдіріп отырады. Конвенция ережелеріне сәйкес, сыбайлас жемқорлық салдарынан келген ақшалар қай елден келсе, сол елге қайтарылып отырады.

Осы орайда 2020 жылдың 9 желтоқсанында «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» облыстық форумы ұйымдастырылып өтті. Облыс аумағында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда және адалдық, әділдік, парасаттылық қағидаларын насихаттауда қосқан елеулі үлесі үшін «Қордай – адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісі Р.Беделбаев облыс әкімі Б.Сапарбаевтың алғысхатымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.