home
home home

9  блок-бекет

9  блок-бекет

 

Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес Қордай ауданында COVID-19 инфекциясының 25 дерегі тіркелген. Оның ішінде 12 азамат Қордай ауданының, 2 азамат Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және 11 азамат транзиттік жүк көліктерінің жүргізушілері. Барлығы облыс орталығындағы инфекциялық стационарға жатқызылған.

Аудан аумағында карантин жариялануына байланысты қосымша блок-бекеттер орнатылып, барлығы 9 блок-бекет жұмыс істеуде. Олардың барлығы тиісті құрал-жабдықтармен (тепловизорлармен) жабдықталып, жол белгілері орнатылды. Жалпы, онда 81 қызметкер жауапты болып бекітілсе, оның ішінде 39 адам полиция бөлімінің, 16 адам орталық аурухананың, 9 азамат Қордай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері. Бекеттердің жұмысы аудан басшылығының тікелей бақылауына алынған. Ал, 6 сәуірден бастап Қордай ауданының аумағына ерекше шектеу шаралары енгізіліп, карантин мерзімінде тұрғындардың жүріп тұруына, қоғамдық жерлерде себепсіз болуына, елге кіретін немесе шығатын транзиттік жүк көліктерінің қозғалысына, қоғамдық көліктердің ауылдар арасында қатынауына шектеу қойылды. Дейтұрғанмен, ауыл шаруашылығы саласындағы көктемгі дала жұмыстарына жұмылдырылған техникалардың қозғалысына шектеу жоқ. Ал, азық-түлік дүкендері мен дәріханалар қалыпты жұмысын жалғастыра бермек.

Сондай-ақ, Қордай ауданының барлық ауылдық округтерінде қоғамдық орындар мен көшелерде, сауда орындарында күніне кемінде екі рет санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.