home
home home

700-ге жуық отбасыға көмек көрсетілді

 

Биыл елімізде құрбан айт мерекесі ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келді.

Облыс аумағында Құрбан айт күндері қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуын, санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық

талаптарға сәйкес

өтуін қамтамасыз

ету мақсатында

құрбандық шалу рәсімі «Qurban2020.kz»

сайтына тапсырыс беру арқылы арнайы қасапханаларда іске

асырылды.

Қордай ауданында Қордай-Шу тас жолы бойындағы Барыс-ll базары және Қордай-Алматы тас жолы бойындағы «Первомайские деликатесы» ЖШС-ның арнайы мал сою алаңдары таңдалып алынды.

Аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мешіт имамдары тарапынан көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың тізімі жасақталып, құрбандыққа шалынған малдың еті таратылып, қайырымдылық көмек көрсетілді. Атап айтсақ, аудандық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері бірігіп, карантин жағдайында аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлерге (санитар, медбике) азық-түлік себеттерін үлестірсе, белгілі кәсіпкерлер бірігіп, қасиетті мерекеде ізгі амалдар жасады. Жалпы, аудан бойынша 1 түйе, 22 ірі-қара, 134 қой сойылып, әлеуметтік көмекке мұқтаж 700-ге жуық отбасыға таратылып берілді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.