home
home home

Індетпен күресу баршамызға ортақ міндет.

Құрметті жерлестер!

Өздеріңізге белгілді «COVID-19» вирусының ел ішінде таралуы әлі бәсеңдемей отыр. Індеттің алдын алу мақсатында елімізде көптеген жұмыстар жүргізіліп, әлі күнге дейін жалғасып жатыр. Тіпті осындай қиын кезді бастан өткізіп отырған елімізде халықты әлеуметтік-тұрмыстық қамту шаралары да ұйымдастырылып отыр. Жұмыссыз қалған азаматтардың да жағдай назардан тыс қалған жоқ. Осындай ел үшін жасалған игі қадамдарға алғыс білдіріп, мемлекет тарапынан қабылданған барлық шараларға асқан жауапкершілік танытуымыз керек ағайын. Індетпен күресу баршамызға ортақ міндет. Ең бастысы әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска тағып, жұмыс орындарында дезинфекция жүргізіп, себепсіз үйден шықпау керек. Тек қазір карантин талаптарын қатаң сақтап, өміріміз бен жақындарымыздың денсаулығына қарау қазіргі кезде аса маңызды.

Ә.Сейілханов, Қордай аудандық қоғамдың кеңестің төрағасы


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.