home
home home

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН САҚТАУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барша қазақстандықтар асыға күткен мәлімдемесін жариялады. Мемлекет басшысының Үндеуінде елімізде қауіпті індетпен күресуде барлық шаралардың қабылданғанына куә болдық. Осындай қиын кезеңде санитарлық талаптардың барынша сақталуымен қатар, халықтың жағдайы да қараусыз қалмай, әр түрлі санаттар бойынша әлеуметтік жәрдемақылар алды. Мұны үлкен қолдау деп қабылдауымыз қажет. Құрметті жерлестер! Бұл ел басына келген үлкен сынақ. Мемлекет басшысы «Карантин шараларын қатаң ұстансақ қана індеттен құтыламыз. Аса қажеттілік болмаса, ешқайда шықпай, үйде отырыңыздар.
Бұл, әсіресе, қазіргі қасиетті Рамазан айында өте маңызды.Осы кезеңнің де асыл мұраты – шыдам мен төзім, сабыр мен қанағат екенін білесіздер» деп өтті. Жергілікті атқарушы орган тарапынан қабылданған шараларды барынша орындап,қолдау білдіруге шақырамын.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.