home
home home

4. Мерзімінде қабылданған шешім

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күллі әлемді дүрліктірген індетке байланысты елімізде қабылданған төтенше жағдай режиміне қатысты өз мәлімдемесін жасады.
Онда Президент наурыз айынан бастап қауіпті вирустың Қазақстанда таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынған нақты шараларды атап өтіп, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен халықаралық сарапшылар еліміздің мұндай іс-қимылына бағасын бергенін алға тартты. Расында, елімізде қатаң карантин шаралары енгізіліп, қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылды, мекемелер мен кәсіпорындардың басым бөлігі қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Көшелер, тұрғын үйлер дезинфекцияланып, сақтық шаралары қолға алынды. Біз бұған күнделікті өмірімізде куә болдық. Мұның барлығы еліміздің амандығы, халқымыздың денсаулығы үшін жасалып отырған әрекет екенін жақсы түсінеміз.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы осынау қиын-қыстау кезеңде азаматтарға көрсетілген көмек пен түрлі әлеуметтік қолдаулар турасында да сөз қозғады. Мәселен, бүгінгі күнге 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілсе, 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылыпты.
«Жалпы, 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан қаржы бөлінді. «Nur Otan» партиясы белсенді жұмыс атқаруда. Сәуір-мамыр айларында 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетіледі. Азық-түліктің жеткілікті болуына және оның сапасына қатысты ұдайы мониторинг жүргізілуде. Елімізде азық-түлік тапшылығы жоқ. Жергілікті билік органдары әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын бақылауда ұстап отыр», – деп атап өтті Президент өз мәлімдемесінде. Меніңше, бұл мемлекет тарапынан қарапайым халыққа көрсетілген таптырмас қолдау болды. А.Қабылбаева, Қордай ауданының Құрметті азаматы


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.