home
home home

2020 жылы Қордай құрылыс алаңына айналды

2020 жылы Қордай ауданының құрылыс алаңына айналғаны рас. Олар негізінен жоғарыда аталған 400-ге жуық жобаның аясында және мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен іске асты. Құрылыс-жөндеу жұмыстарына қаралған 21,8 миллиард теңге «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі», «Нұрлы жер» бағдарламалары арқылы бөлінді. Сол арқылы аудан бойынша 3 мектептің құрылысы, 5 көпқабатты тұрғын үй, 6 ауыз су, 7 инженерлік инфрақұрылым, 4 спорт кешені, 4 қазандық, 6 газдандыру, 4 мектептің күрделі жөндеуі, 6 денсаулық сақтау, 274 жолдар, 43 абаттандыру, 2 әлеуметтік қызмет, 2 су қоймасы, 23 ағымды жөндеу жұмыстары қолға алынды. Жекелей тарқатар болсақ, аталған жобалар аясында 4630 жұмыс орны ашылып, оның 2279-і жұмыспен қамту орталығы арқылы жолданғанын айта кету керек. Мәселен, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінген қаржыға 13 құрылыс жобасы іске асса, одан бөлек тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы бойынша 198 жоба қолға алынды. Ал, Республикалық Үкімет резерві есебінен 101 жобаға 2 млрд. теңге бөлінді. Оның 1,9 млрд. теңгесіне 6 елді мекендегі 96 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.