home
home home

2020 ЖЫЛЫ 230 ҚОРДАЙЛЫҚ БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Қазіргі таңда «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламалары аясында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үй бойынша Қордай ауылындағы «Батыс» тұрғын алқабында 5 қабатты 50 пәтерлі үйдің құрылысы қарқын алған. Сметалық құны 453 млн. 170 мың теңгені құраған нысанның құрылысымен мердігер «Нұр Құрылыс-болашақ» ЖШС айналысуда. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жалпы сомасы 1,6 млрд. теңгені құрайтын 3 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Аталған үйлер биылғы жылдың желтоқсан айында қолданысқа беріледі деп күтілуде. Нәтижесінде 230 отбасы баспаналы болмақ.
Сонымен қатар, кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Қордай ауданы бойынша көп қабатты тұрғын үй құрылысын 2022 жылға дейін дамыту картасы әзірленіп, бекітілген. Бекітілген карта бойынша Қордай ауылында 22 көп қабатты үйдің құрылысы жоспарланған. Ондағы пәтер саны 1270 болмақ.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.