home
home home

Аудандық бюджетінің 2019 жылдың 01 ақпанына орындалуы туралы.

Аудандық бюджетінің 2019 жылдың 01 ақпанына орындалуы туралы.

 

2019 жылдың 1-ші ақпанына жалпы аудандық бюджетіндегі КІРІСТЕР жоспардағы 833149,0 мың теңгенің орнына 887034,8 мың теңге түсіп, 106,5 пайызға орындалды, соның ішінде өзіндік кірістер бойынша жоспардағы 45958,0 мың теңгенің орнына 99843,8 мың теңге түсті, 217,3 пайызға орындалды, артығымен 53885,8 мың теңге түсті. (2018 жылмен салыстырғанда түсімдер 20387,6  мың теңгеге азайды, соның ішінде трансферттердің сомасы 68721,0 мың теңгеге, өзіндік кірістер 89108,6 мың теңгеге азайды (өзін-өзі басқару органдардың 2017 жылды қалдықтары есебінен 2018 жылдың қантарында салық емес түсімдерге 97,7 млн. теңге түскен).

Жалпы аудандық бюджетінің ШЫҒЫС бөлігі жоспардағы 836058,0  мың теңгенің 827447,7 мың теңгесі немесе 99,0 пайызға игерілді. Шығындар бойынша игере алмаушылық жалпы 8610,3 мың теңгені құрады. (2018 жылғы сәйкес мерзімімен салыстырғанда игеру көрсеткіші 0,5 пайызға өсті, 2018 жылдың 1 ақпанына 12,9 мың теңге игерілмей қалған)

Соның ішінде:

Аудан бюджетінің шығыс бөлігі жоспардағы 825720,0  мың теңгенің  822277,5 мың теңгесі немесе 99,6 пайызға игерілді. Шығындар бойынша игере алмаушылық жалпы 3442,5 мың теңгені құрады.

Бюджеттің 4-ші деңгейіне өткен 16 ауылдық округтар бойынша шығыстар есепті кезеңдегі 114993,0 мың теңгенің орынына 109825,2мың теңгесі,  немесе 95,5 пайызға игерілді, игере алмаушылық  5167,8 мың теңгені құрады.

 


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта