home
home home

«20 жылға – 20 күй»

Ұлттық өнерді ұлықтау

«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай партия аудандық филиалының ұйымдастыруымен «20 жылға – 20 күй» атты челлендж-акциясы өткізілді.

 

Іс-шараның басты мақсаты қазақ халқының ұлттық аспаптық музыкасын, ата-бабамыздан бері келе жатқан ғажайып әуен сарынын дәріптеу болды. Осы орайда, «Бәйтерек» бастауыш партия ұйымына қарасты балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұстаздары өз өнерлерін ортаға салып, домбырамен бірнеше күйлерді орындап, видеоларын әлеуметтік желілерде жариялады.

Сонымен қатар, «Орталық» бастауыш партия ұйымына қарасты М.Төлебаев атындағы өнер мектебінің директоры Қалибек Бұтабаев, мұғалімдер  Арайлым Алимжанова, Қуаныш Ахметов, Санатбек Баекеновтар да өнерден алыс емес екендерін көрсетіп, тамаша күй шертіп, жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді.

Ұлттық сана-сезім мен ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын партия мүшелерінің өнерін насихаттау бұдан әрі де жалғасатын болады.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
Разработка и поддержка сайта