home
home home

150 нысан құрылысы аяқталды

150 нысан құрылысы аяқталды

Аудан әкімінің әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстарды ағынан ақтарып, халықтың сұрағына жауап беретін «әкім сағаты» айдары жалғасын табуда. Бұл жолғы онлайн-брифингте Рүстем Дәулет Қордай ауданының инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған шаралар жөнінде баяндап берді.

Биыл аудандағы жолдардың жөнге келтіріліп жатқанын көріп, атқарылған іске алғысын айтпаған жан кемде-кем. Республикалық, аудандық маңызы бар жолдармен қатар, шалғай ауылдардың өзінде ауылішілік көшелерге асфальт төселіп, елді мекендердің тамырына қан жүгірді. Жалпы, Қордай ауданындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1344,82 шақырымды құраса, оның ішінде 263,82 шақырымы республикалық, 105 шақырымы облыстық, 215,82 шақырымы аудандық және 760,3 шақырымы ауыларалық жолдар. Биылғы жылы автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына бұрын-соңды болмаған 6,9 млрд теңге қаражы қарастырылып, осының арқасында талай тірлік атқарылды. Мәселен, Ауқатты-Бәйтерек, Отар-Сұлутөр, Бетқайнар-Соғанды, Алға-Көгадыр, Қақпатас-Беріктас тас жолдары мен Мұзбел ауылына кіреберіс жолдың жөнделуін тұрғындар көптен бері көтеріп жүрген еді. Абырой болғанда, аталмыш жолдардың барлығы дерлік жөнге келтірілді. Биыл бас-аяғы 4 аудандық жол, 268 ауылішілік көше жөнделді. Осы жұмыстарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі» атты мемлекеттік бағдарламалар зор септігін тигізді.

Атап айтсақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы автомобиль жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына 2,9 млрд теңге бөлінген. Олар: бірінші транш бойынша құны 1 млрд теңгелік 49 нысан (43 автомобиль жолы: Жамбыл – 4 көше, Жаңатұрмыс – 1 көше, Бетқайнар – 1 көше, Соғанды – 1 көше, Бәйтерек – 4 көше, Қызылсай – 3 көше, Күнбатыс-1 – 1 көше, Күнбатыс-2 – 2 көше, Керу – 3 көше, Қарасай – 14 көше, Еңбек – 9 көше, Қарасу ауылында 1 тротуар).

Екінші транш бойынша 1,9 млрд теңгелік 113 нысан (108 автомобиль жолы, Қордай – 88 көше және 6 тротуар, Әлжан ана – 20 көше және 4 тратуар).

Қазіргі таңда 162 нысанда жұмыстар басталып, оның 150 нысанында (93%) жұмыстар толығымен аяқталды.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы 884,4 млн теңге бөлініп, Қордай ауылында 21 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жұмыстар толығымен аяқталған.

Сонымен қатар «Үкімет резервінен» 96 нысанға жалпы 2 млрд теңге бөлінді. Осы орайда Сортөбе ауылының 18 көшесі, Бұлар батыр ауылының 6 көшесі, Ауқатты ауылының 19 көшесі, Масаншы ауылының 41 көшесі, Қаракемер ауылының 11 көшесі және Қарасу ауылының 1 көшесі жөнделді.

Қазіргі таңда жоғарыда аталған нысандардағы жұмыстар 95% орындалды.

Жоғарыда аталған жобалардың іске асырылу нәтижесінде ауданда барлығы 343,6 шақырым жолдар орта жөндеуден өтіп, 7,4 шақырым жол жаңадан салынды. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық үлесі 79,4 пайыздан 90,0 пайызға, ал елді мекен ішіндегі көшелер 55 пайыздан 75 пайызға өсті. 

Онлайн-брифинг барысында әлеуметтік желі арқылы әкімге әр түрлі салаға қатысты қырықтан астам сұрақ түсіп, Рүстем Рысбайұлы әр сұраққа тұшымды жауап берді.


© 2017 Аппарат акима Кордайского района
+7 (7262) 00 00 00 Обратная связь
.